Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды

Қазіргі уақытта мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты
Sputnik
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз".
"Жоспарлы алдын алу жұмыстары аясында қысыммен жұмыс істейтін 573 бірліктен астам жабдыққа, сондай-ақ 170 бірліктен аса технологиялық құбырға міндетті техникалық куәландыру және сараптама жасау көзделген", - деп жазылған хабарламада.
Жөндеу жұмыстары кезінде мұнай өнімдері алдын ала жасақталған қор есебінен жөнелтіледі. Қазіргі таңда зауыттың резервуарлық паркінде жиналған қор көлемі:
автобензин — 29 450 тонна,
дизель отыны — 22 900 тонна,
авиакеросин — 10 530 тонна.
"Жоспарлы алдын алу жұмыстарын өткізу кезінде "ҚазМұнайГаздың" тағы екі мұнай өңдеу зауыты – Павлодар МХЗ мен Атырау МӨЗ мұнай өнімдерінің өндірісін штаттық режимде жалғастырады", - деп аьап өтті компания.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты: АИ-92 маркалы бензин қоры 38 күндік тұтыну мөлшерін, ал дизель отыны қоры 49 күндік тұтыну мөлшерін құрайды.
Биылғы 20 сәуірден бастап технологиялық қондырғылар кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Атырау мұнай өңдеу зауытына 6,9 млн теңге айыппұл салынды