https://sputnik.kz/20260327/shymkent-munay-ondeu-zauytynda-zhosparly-aldyn-alu-zhumystary-bastaldy-62192888.html
Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды
Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты 27.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-27T13:56+0500
2026-03-27T13:56+0500
2026-03-27T13:56+0500
мұнай өңдеу зауыты
шымкент
https://sputnik.kz/img/07ea/01/09/60249336_0:20:1280:740_1920x0_80_0_0_e12a91eed2736060b194ab3bdfd107d9.jpg
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз".Жөндеу жұмыстары кезінде мұнай өнімдері алдын ала жасақталған қор есебінен жөнелтіледі. Қазіргі таңда зауыттың резервуарлық паркінде жиналған қор көлемі:Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты: АИ-92 маркалы бензин қоры 38 күндік тұтыну мөлшерін, ал дизель отыны қоры 49 күндік тұтыну мөлшерін құрайды.Биылғы 20 сәуірден бастап технологиялық қондырғылар кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
https://sputnik.kz/20260227/atyrau-munay-ondeu-zauytyna-69-mln-tenge-ayyppul-salyndy-61492349.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/09/60249336_134:0:1146:759_1920x0_80_0_0_00315099e71ad602bf03f55ee0a59926.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай өңдеу зауыты, шымкент
мұнай өңдеу зауыты, шымкент
Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды
Қазіргі уақытта мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз".
"Жоспарлы алдын алу жұмыстары аясында қысыммен жұмыс істейтін 573 бірліктен астам жабдыққа, сондай-ақ 170 бірліктен аса технологиялық құбырға міндетті техникалық куәландыру және сараптама жасау көзделген", - деп жазылған хабарламада.
Жөндеу жұмыстары кезінде мұнай өнімдері алдын ала жасақталған қор есебінен жөнелтіледі. Қазіргі таңда зауыттың резервуарлық паркінде жиналған қор көлемі:
автобензин — 29 450 тонна,
дизель отыны — 22 900 тонна,
авиакеросин — 10 530 тонна.
"Жоспарлы алдын алу жұмыстарын өткізу кезінде "ҚазМұнайГаздың" тағы екі мұнай өңдеу зауыты – Павлодар МХЗ мен Атырау МӨЗ мұнай өнімдерінің өндірісін штаттық режимде жалғастырады", - деп аьап өтті компания.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты: АИ-92 маркалы бензин қоры 38 күндік тұтыну мөлшерін, ал дизель отыны қоры 49 күндік тұтыну мөлшерін құрайды.
Биылғы 20 сәуірден бастап технологиялық қондырғылар кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі деп жоспарланған.