АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Келесі айда "Астана – Талдықорған" бағытында тікелей теміржол қатынасы іске қосылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Көлік министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
9 сәуірден бастап 122/121 "Астана – Семей – Астана" пойызының құрамына тағы екі вагон — 1 купе және 1 плацкарт вагон қосылады.
"Олар Ақтоғай станциясына келгеннен кейін бөлек пойыз құрамында Талдықорғанға дейін сапарды жалғастырады. Бұл жолаушыларға ешқандай ауысып мінусіз ыңғайлы сапар жасауға мүмкіндік береді", - делінген ресми хабарламада.
Бұл бағытта жолаушылар тасымалы күн ара орындалады.
Айта кетері, бұған дейін сенаторлар екі аудандағы пойыз кестесінің өзгеруіне байланысты дабыл қаққан болатын.