Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаның НАТО-ға қосылуы күн тәртібінде жоқ - Рютте

Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Украинаның НАТО-ға қосылуы Ресейдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін мәлімдеген
Sputnik
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте баспасөз мәслихатында Украинаның НАТО-ға қосылуы уақытты қажет ететінін және қазіргі уақытта күн тәртібінде жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"2024 жылғы саммитте келісілген Украинаның НАТО-ға кіретін жолы бар. Бұл жол уақытты қажет етеді.Себебі кейбір одақтастар мүшелікті әлі қолдамайды. Сондықтан ол қазір күн тәртібінде жоқ. Оның орнына біз атысты тоқтату немесе бейбітшілік туралы келісімнен кейінгі қауіпсіздік кепілдігі бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол.
Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Украинаның НАТО-ға қосылуы Ресейдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін мәлімдеген. Бұл қауіп арнайы әскери операцияның басталу себептерінің бірі болды.
Жыл басында Марк Рютте Еуропарламенттің сыртқы істер комитетінің еуродепутаттарымен өткен пікірталас барысында да дәл осы ойды айтқан болатын. Сол кезде де НАТО өкілі Ресейдің қайта шабуыл жасауына жол бермеу үшін қауіпсіздік кепілдіктері бұрынғыдан да маңызды екенін жеткізді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаның НАТО-ға қабылданбайтыны жайында ортақ түсінік Ресей президенті Владимир Путинге дейін болғанын айтты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Бейбіт келісім жасалғаннан кейін Украинада НАТО әскері орналастырылады – Рютте