Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Бейбіт келісім жасалғаннан кейін Украинада НАТО әскері орналастырылады – Рютте

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуМарк Рютте
Марк Рютте - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2026
Жазылу
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Бейбіт келісімге қол қойылғаннан кейін бірден Украина аумағында шетел әскері орналастырылады, деп мәлімдеді НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте Украина Жоғарғы радасында сөйлеген сөзінде.
"Бейбіт келісім жасала салысымен, келісім берген НАТО елдерінің қарулы күштері Украинада орналастырылады, әуе кеңістігінде, теңізде қолдау көрсетіледі", – деді Рютте.
Оның мәлімдемесін Украинаның "Рада" телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.
6 қаңтарда Парижде "ниеттестер коалициясының" жоғары деңгейдегі кездесуі өтті. Кездесу барысында Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беру мәселесі де талқыланды. Оған АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф және АҚШ лидерінің күйеу баласы Джаред Кушнер қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша келісілген құжатқа сәйкес, "ниеттестер коалициясы"Украинаны ұзақ мерзімді әскери қолдауын жалғастыруға келісіп, бейбіт келісім жасалған жағдайда әскер орналастыру туралы декларацияға қол қойды.
Ал Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі НАТО-ға мүше мемлекеттердің әскерін Украинаға орналастырудың кез келген сценарийін Ресей қабылдамайтынын және жағдайдың күрт ушығуына әкелетінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
0