АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті, деп хабарлады үкімет.
Скляр комитет төрағасын "екі сессияның" табысты өтуімен және Қытайдың 2026–2030 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының қабылдануымен құттықтады.
"2026 жылдың 15 наурызында өткен жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумның қорытындылары туралы ақпарат беріп, оның Қазақстанның одан әрі дамуы үшін маңыздылығын айтты", - деп жазылған хабарламада.
Екі ел арасындағы парламентаралық байланыстар саласындағы нәтижелі ынтымақтастықты, сондай-ақ сауда-экономикалық әріптестіктің серпінді дамуын, инвестициялар, көлік және энергетика салаларындағы өзара іс-қимылды атап көрсетті.
Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Чжао Лэцзи қытай тарапы Қазақстанмен мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жоғары сенімге негізделген қатынастарына ерекше мән беретінін баса айтты.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен елдің одан әрі өркендеуіне бағытталған бастамаларына қолдау білдірді.
Тараптар сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және "Орталық Азия – Қытай" сияқты көпжақты форматтардағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.