https://sputnik.kz/20260123/qazaqstan-men-qytay-su-sharuashylygy-mamandaryn-dayarlaytyn-birlesken-kolledzh-qurady-60618117.html
Қазақстан мен Қытай су шаруашылығы мамандарын даярлайтын бірлескен колледж құрады
Қазақстан мен Қытай су шаруашылығы мамандарын даярлайтын бірлескен колледж құрады
Sputnik Қазақстан
Бұл жоба Қытай тарапының қаражаты есебінен жүзеге асырылады 23.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-23T08:50+0500
2026-01-23T08:50+0500
2026-01-23T08:55+0500
қазақстан
қытай
колледж
https://sputnik.kz/img/246/73/2467326_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_edc9a4ae59e2946665c8559f67bb0e07.jpg
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қазақстан мен ҚХР еліміздің су шаруашылығы саласына жұмысшы кадрлар даярлайтын бірлескен колледж құруға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.Атап айтқанда, колледжді құрудың ұйымдастырушылық-құқықтық моделін әзірлеу, су шаруашылығы саласының қажеттіліктерін ескере отырып, басым бағыттағы мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын дайындау және келісу көзделген.Сонымен қатар су шаруашылығы объектілерінде өндірістік тәжірибеден өтіп, дуальды оқытуды енгізу және оқу жоспарларын, зертханалық базаны және біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеуге қытайлық серіктестерді тарту көзделеді.Бұдан бөлек, білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру, оның ішінде қысқамерзімді тағылымдамалар мен оқу модульдерін өткізу, сондай-ақ түлектердің біліктілігін тану және оларды су шаруашылығы саласындағы ұйымдарға одан әрі жұмысқа орналастыру мәселелерін пысықтау қарастырылған.Министрлік мәліметінше, биыл Power China компаниясының есебінен Қытайға оқуға 200 адам жіберіледі. Былтыр көрші елде су шаруашылығы саласындағы 125 маманымыз білімін жетілдірген болатын
https://sputnik.kz/20251218/qazaqstan-qytay-turisteri-ushin-zhana-zhylda-baruga-turarlyq-uzdik-zheti-bagyt-qataryna-kirdi-59706616.html
қазақстан
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/246/73/2467326_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_1ffebad5eba6cf473df3b2e4fcb2be87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қытай, колледж
қазақстан, қытай, колледж
Қазақстан мен Қытай су шаруашылығы мамандарын даярлайтын бірлескен колледж құрады
08:50 23.01.2026 (жаңартылды: 08:55 23.01.2026) Бұл жоба Қытай тарапының қаражаты есебінен жүзеге асырылады
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қазақстан мен ҚХР еліміздің су шаруашылығы саласына жұмысшы кадрлар даярлайтын бірлескен колледж құруға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Атап айтқанда, колледжді құрудың ұйымдастырушылық-құқықтық моделін әзірлеу, су шаруашылығы саласының қажеттіліктерін ескере отырып, басым бағыттағы мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын дайындау және келісу көзделген.
Сонымен қатар су шаруашылығы объектілерінде өндірістік тәжірибеден өтіп, дуальды оқытуды енгізу және оқу жоспарларын, зертханалық базаны және біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеуге қытайлық серіктестерді тарту көзделеді.
Бұдан бөлек, білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру, оның ішінде қысқамерзімді тағылымдамалар мен оқу модульдерін өткізу, сондай-ақ түлектердің біліктілігін тану және оларды су шаруашылығы саласындағы ұйымдарға одан әрі жұмысқа орналастыру мәселелерін пысықтау қарастырылған.
"Бұл жоба Қытай тарапының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Колледж білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қытайлық серіктестермен бірлесіп, қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары да жүргізіліп жатыр", – деді министрліктің ғылым және инновациялық технологиялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпова.
Министрлік мәліметінше, биыл Power China компаниясының есебінен Қытайға оқуға 200 адам жіберіледі. Былтыр көрші елде су шаруашылығы саласындағы 125 маманымыз білімін жетілдірген болатын