Nauryz Sale: Алматыда өткен акцияға жарты миллионнан астам адам қатысқан

Sputnik
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Алматыда "Nauryz Sale" акциясына жарты миллионнан астам адам қатысты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қала тұрғындары ірі сауда орындарында азық-түлік пен түрлі тауарларды 30%-ға дейінгі жеңілдіктермен сатып алды.
"Акция мерекеге дайындық кезінде үнемдеуге мүмкіндік беріп, тұтынушылық белсенділікті арттырды: сатылым бірнеше санат бойынша өсті", - деп хабарлады әкімдік.
Тауар айналымы азық-түлік сегментінде 10–15%-ға, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар сегментінде 7–8%-ға ұлғайған.
Сауда ойын-сауық орталықтарында концерттер, жәрмеңкелер және бүкіл отбасыға арналған интерактивті бағдарламалар ұйымдастырылды.
Алматыда Наурыз мейрамы қалай тойланып жатыр