Атырау түрмесіндегі жанжал: адам өлтіру фактісі тіркелді

Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды
Sputnik
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Атырау қаласындағы түрмеде болған жанжал кезінде бір адам алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға 22 наурызда болған.
Сотталғандар арасында жанжал болған. Сол кезде біреу дене жарақатын алып, қайтыс болды.
Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, бұған дейін Қостанай түрмесінде есірткі қылмысы үшін жазасын өтеп жүрген ер адам қайтыс болған.
Бақытгүл Хаменова түрмеде отырмайды: сот жазаны өзгертті