https://sputnik.kz/20260317/baqytgul-khamenova-turmede-otyrmaydy-sot-zhazany-ozgertti-61964698.html
Бақытгүл Хаменова түрмеде отырмайды: сот жазаны өзгертті
Бақытгүл Хаменова түрмеде отырмайды: сот жазаны өзгертті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Атырау соты экс-депутат Бақытгүл Хаменоваға қатысты жазаны бас бостандығынан айырудан шектеуге ауыстырды, деп хабарлайды Sputnik... 17.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-17T16:56+0500
2026-03-17T16:56+0500
2026-03-17T16:56+0500
атырау
хаменова
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/171/58/1715823_0:97:1101:716_1920x0_80_0_0_5244b06f626684dc802daa3370609f16.jpg
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Атырау соты экс-депутат Бақытгүл Хаменоваға қатысты жазаны бас бостандығынан айырудан шектеуге ауыстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Ақ Жайық порталына сілтеме жасап.2022 жылы Хаменова пара алғаны үшін жеті жылға сотталған болатын. Бірақ асырауында кәмелет жасқа толмаған баласының болуына байланысты жазасы үш жылға кейінге шегерілген. Бұл мерзім биыл 10 наурызда аяқталды. Ал 16 наурызда Атырау қаласының №2 сотында пробация қызметінен Хаменоваға қатысты жазаны бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы ұсыныс түсті.Оған сәйкес, осы уақытқа дейін Хаменова қоғамдық тәртіпті бұзған жоқ. Әкімшілік жауапкершілікке де тартылмады. Баласын тәрбиелеу бойынша міндетін атқарды. Сот осыны ескере отырып, пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырды.Хаменованың өтемеген жаза мерзімі 7 жылға бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Осы уақыттың ішінде ол пробациялық бақылауда болады.Айта кетері, былтыр Хаменованың тойда жүрген видеосы тараған болатын. Сол кезде бас прокуратура осы мәселеге қатысты түсініктеме берген.
https://sputnik.kz/20221202/baqytgul-khamenova-appelyatsiyaga-aryz-tusirdi-29956462.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/171/58/1715823_8:0:1092:813_1920x0_80_0_0_b760f606f4d755cf19d2d9a5eb1ad7c6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, хаменова, сот үкімі
атырау, хаменова, сот үкімі
Бақытгүл Хаменова түрмеде отырмайды: сот жазаны өзгертті
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Атырау соты экс-депутат Бақытгүл Хаменоваға қатысты жазаны бас бостандығынан айырудан шектеуге ауыстырды, деп хабарлайды S
putnik Қазақстан "Ақ Жайық
порталына сілтеме жасап.
2022 жылы Хаменова пара алғаны үшін жеті жылға сотталған болатын. Бірақ асырауында кәмелет жасқа толмаған баласының болуына байланысты жазасы үш жылға кейінге шегерілген. Бұл мерзім биыл 10 наурызда аяқталды. Ал 16 наурызда Атырау қаласының №2 сотында пробация қызметінен Хаменоваға қатысты жазаны бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы ұсыныс түсті.
Оған сәйкес, осы уақытқа дейін Хаменова қоғамдық тәртіпті бұзған жоқ. Әкімшілік жауапкершілікке де тартылмады. Баласын тәрбиелеу бойынша міндетін атқарды. Сот осыны ескере отырып, пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырды.
Хаменованың өтемеген жаза мерзімі 7 жылға бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Осы уақыттың ішінде ол пробациялық бақылауда болады.
Айта кетері, былтыр Хаменованың тойда жүрген видеосы тараған болатын. Сол кезде бас прокуратура осы мәселеге қатысты
түсініктеме берген.