Маңғыстауда "ақылды киіз үй" таныстырылды

Жобаны глэмпинг форматында пайдалану ұлттық құндылықтарды заманауи өмір салтымен үйлестіруге мүмкіндік береді
Sputnik
АЛМАТЫ, 23 наурыз - Sputnik. Наурыз мерекесінде маңғыстаулық студенттер дәстүрлі баспананы заманауи технологиямен ұштастырған ерекше жобасын көрсетті, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Маңғыстауда "ақылды киіз үй" таныстырылды
Ұлыстың ұлы күні - Әз-Наурыз мерекесі аясында Маңғыстауда тың жоба көпшілік назарына ұсынылды. Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері "SMART KIIZ ÜI" инновациялық әзірлемесін таныстырды.
Жоба дәстүрлі киіз үйді цифрлық технологиялармен біріктіріп, "ақылды" тұрғын үй концепциясын ұсынады.
"Киіз үй баламалы энергия көздерімен, соның ішінде күн панельдерімен жабдықталған. Арнайы мобильді қосымша арқылы жарық жүйесін және есік-терезелерді қашықтан басқаруға болады. Сонымен қатар ішкі климат автоматты түрде реттеліп, температура мен ылғалдылық тұрақты бақылауда ұсталады. Қауіпсіздік мақсатында өрт пен газды анықтайтын сенсорлар орнатылған", - дейді министрлік.
Әзірлеме туризм саласына да бағытталған. Жобаны глэмпинг форматында пайдалану ұлттық құндылықтарды заманауи өмір салтымен үйлестіруге мүмкіндік береді.
Ақтауда шенеуніктер киіз үйді 7 млн теңгеден сатып алмақ болған