https://sputnik.kz/20260323/mangystauda-aqyldy-kiiz-uy-tanystyryldy-62115591.html
Маңғыстауда "ақылды киіз үй" таныстырылды
Маңғыстауда "ақылды киіз үй" таныстырылды
Sputnik Қазақстан
Жобаны глэмпинг форматында пайдалану ұлттық құндылықтарды заманауи өмір салтымен үйлестіруге мүмкіндік береді 23.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-23T11:24+0500
2026-03-23T11:24+0500
2026-03-23T11:27+0500
маңғыстау облысы
білім және ғылым министрлігі
киіз үй
оқушы
https://sputnik.kz/img/07ea/03/17/62115691_0:167:540:471_1920x0_80_0_0_2ab9ebe10e313cf6a904ab7d94ed1be4.jpg
АЛМАТЫ, 23 наурыз - Sputnik. Наурыз мерекесінде маңғыстаулық студенттер дәстүрлі баспананы заманауи технологиямен ұштастырған ерекше жобасын көрсетті, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі. Ұлыстың ұлы күні - Әз-Наурыз мерекесі аясында Маңғыстауда тың жоба көпшілік назарына ұсынылды. Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері "SMART KIIZ ÜI" инновациялық әзірлемесін таныстырды. Жоба дәстүрлі киіз үйді цифрлық технологиялармен біріктіріп, "ақылды" тұрғын үй концепциясын ұсынады. Әзірлеме туризм саласына да бағытталған. Жобаны глэмпинг форматында пайдалану ұлттық құндылықтарды заманауи өмір салтымен үйлестіруге мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20250320/aqtauda-sheneunikter-kiiz-uydi-7-mln-tengeden-satyp-almaq-bolgan-51811535.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/17/62115691_0:158:540:563_1920x0_80_0_0_b6d4ad17f4fb666962518282824bfed5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, білім және ғылым министрлігі, киіз үй, оқушы
маңғыстау облысы, білім және ғылым министрлігі, киіз үй, оқушы
Маңғыстауда "ақылды киіз үй" таныстырылды
11:24 23.03.2026 (жаңартылды: 11:27 23.03.2026) Жобаны глэмпинг форматында пайдалану ұлттық құндылықтарды заманауи өмір салтымен үйлестіруге мүмкіндік береді
АЛМАТЫ, 23 наурыз - Sputnik. Наурыз мерекесінде маңғыстаулық студенттер дәстүрлі баспананы заманауи технологиямен ұштастырған ерекше жобасын көрсетті, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Ұлыстың ұлы күні - Әз-Наурыз мерекесі аясында Маңғыстауда тың жоба көпшілік назарына ұсынылды. Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері "SMART KIIZ ÜI" инновациялық әзірлемесін таныстырды.
Жоба дәстүрлі киіз үйді цифрлық технологиялармен біріктіріп, "ақылды" тұрғын үй концепциясын ұсынады.
"Киіз үй баламалы энергия көздерімен, соның ішінде күн панельдерімен жабдықталған. Арнайы мобильді қосымша арқылы жарық жүйесін және есік-терезелерді қашықтан басқаруға болады. Сонымен қатар ішкі климат автоматты түрде реттеліп, температура мен ылғалдылық тұрақты бақылауда ұсталады. Қауіпсіздік мақсатында өрт пен газды анықтайтын сенсорлар орнатылған", - дейді министрлік.
Әзірлеме туризм саласына да бағытталған. Жобаны глэмпинг форматында пайдалану ұлттық құндылықтарды заманауи өмір салтымен үйлестіруге мүмкіндік береді.