АСТАНА, 23 наурыз - Sputnik. Астанада тал түсте ер адамды пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Күдікті - 20 жастағы жігіт.
"Адамның өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды", - дейді Астана қаласының полиция департаменті.
Полицияның айтуынша, екеуі таныс болған. Араларында жанжал туындап, бірі екіншісіне пышақ салған.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп, тергеу жүріп жатыр.