Қарағанды облысында 33 адам мінген автобус жол апатына түсті

Жол апатынан бір адам оқиға орнында қаза тапты
Sputnik
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Қарағанды облысында жолаушылар мінген автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 21 наурыз таңғы сағат 05:00 шамасында болған.
"Астана – Алматы автожолының 747-шақырымында Сарышаған кенті маңында Жамбыл облысы шекарасынан 3 шақырым жерде жол апаты тіркелді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 49 жастағы автобус жүргізушісі көлікті тізгіндей алмаған", - дейді.
Автобус жол жиегінде сол бағытта тоқтап тұрған "Volvo" маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы үш адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Апат кезінде автобус салонында 33 жолаушы болған.
Алматыда автобус жол апатына себеп болды: 5 көлік зардап шекті