Қарағанды облысында 33 адам мінген автобус жол апатына түсті

© Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіҚарағанды облысында 33 адам мінген автобус жол апатына түсті
Қарағанды облысында 33 адам мінген автобус жол апатына түсті - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2026
Жазылу
Жол апатынан бір адам оқиға орнында қаза тапты
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Қарағанды облысында жолаушылар мінген автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 21 наурыз таңғы сағат 05:00 шамасында болған.
"Астана – Алматы автожолының 747-шақырымында Сарышаған кенті маңында Жамбыл облысы шекарасынан 3 шақырым жерде жол апаты тіркелді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 49 жастағы автобус жүргізушісі көлікті тізгіндей алмаған", - дейді.
Автобус жол жиегінде сол бағытта тоқтап тұрған "Volvo" маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы үш адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Апат кезінде автобус салонында 33 жолаушы болған.
Автобус - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2026
Алматыда автобус жол апатына себеп болды: 5 көлік зардап шекті
Жаңалықтар
0