Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуропадағы демократия Брюссель саясаты салдарынан құлдырап бара жатыр – Орбан

Sputnik
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Еуропадағы демократия Брюссельдің саясаты мен оның басқа елдердің ішкі істеріне араласуының салдарынан әлсіреп бара жатырү Бұл туралы Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Брюссель Еуропадағы ең ірі экономикалық дағдарысты туындатты.Брюссель үшін бірінші орында Еуропа емес, енді Украина тұр. Еуропалық демократия құлдырап бара жатыр. Ол экономикалық күйреуге ұшырағандықтан, сондай-ақ саяси цензураға шырмалғандықтан әлсіреуде", – деді Орбан Будапештте өткен Консервативті саяси әрекет конференциясында.
Оның айтуынша, еуропалық демократияның әлсіреуіне "Брюссельдің ұлттық сайлауларға тікелей араласуы", соның ішінде Венгрия жағдайындағыдай қаржылық ықпал да әсер етіп отыр.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Орбан Еуродақ пен Украинаның Венгрияға қарсы келісімінің мақсатын атады