Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуропадағы демократия Брюссель саясаты салдарынан құлдырап бара жатыр – Орбан

© Sputnik / Stringer / Медиабанкке өтуПремьер-министр Венгрии Виктор Орбан
Премьер-министр Венгрии Виктор Орбан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Еуропадағы демократия Брюссельдің саясаты мен оның басқа елдердің ішкі істеріне араласуының салдарынан әлсіреп бара жатырү Бұл туралы Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Брюссель Еуропадағы ең ірі экономикалық дағдарысты туындатты.Брюссель үшін бірінші орында Еуропа емес, енді Украина тұр. Еуропалық демократия құлдырап бара жатыр. Ол экономикалық күйреуге ұшырағандықтан, сондай-ақ саяси цензураға шырмалғандықтан әлсіреуде", – деді Орбан Будапештте өткен Консервативті саяси әрекет конференциясында.
Оның айтуынша, еуропалық демократияның әлсіреуіне "Брюссельдің ұлттық сайлауларға тікелей араласуы", соның ішінде Венгрия жағдайындағыдай қаржылық ықпал да әсер етіп отыр.
Премьер-министр Венгрии Виктор Орбан - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Орбан Еуродақ пен Украинаның Венгрияға қарсы келісімінің мақсатын атады
Жаңалықтар
0