Алматыда жол апатынан үш адам көз жұмды

Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Алматыда жол апаты болып, үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Полицияның мәліметінше, апат Медеу ауданында сағат 3:30 шамасында болған.

"Zeekr электромобилінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан Мерседес көлігімен соқтығысқан", - дейді полициядағылар.

Mercedes жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қарағанды облысында 33 адам мінген автобус жол апатына түсті