АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Алматы қаласында 21 наурыз күні Астана алаңында Наурыз мейрамына арналған кең ауқымды мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр.
Қалалық мәдениет басқармасының мәліметінше, сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін Алматының орталық алаңы ұлттық дәстүрлер мен заманауи мәдени үрдістерді ұштастырған мерекенің негізгі алаңына айналады.
Наурыз празднуют в Алматы
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Бағдарлама аясында қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен концерттер, театрландырылған қойылымдар, цифрлық турлар мен роботтар ұсынылатын интерактивті аймақтар, сондай-ақ көрмелер ұйымдастырылған.
Наурыз празднуют в Алматы
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Сахнада "Дос-Мұқасан", "Музарт", "Ұлытау", "Алашұлы" топтары, сондай-ақ Нұржан Керменбаев, Салтанат Бақаева, Талғат Күзембаев, Айгүл Елшібаева, Ернар Айдар, Мақпал Исабекова, Мөлдір Әуелбекова және Әсет Есжан сынды танымал эстарда жұлдыздары өнер көрсетеді.
Арнайы қонақ ретінде әзербайжандық әнші Роза Зергерли шақырылған.
Концерттік бағдарламаның ашылуында ұлттық киім киген әртістер өнер көрсетті. Бұл көріністі Алматы тұрғындары мен қала қонақтары тамашалады.
Наурыз празднуют в Алматы
© Sputnik/Ертай Сарбасов
21 наурызда Алматы және Қазақстанның басқа да өңірлерінде бірлікке, ынтымақтастыққа және қоғамдық келісімге арналған жалпыұлттық Наурызнама онкүндігінің сегізінші күні "Ынтымақ күні" аталып өтеді. Бұл мереке өзара құрметтің, ұйымшылдықтың және қоғамды біріктіретін ортақ құндылықтардың маңыздылығын көрсетеді.