АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынының қаупі төніп тұрған өңірлерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде Қазгидрометтің болжамы бойынша бес өңірге қауіп төніп тұр.
"Олар - Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстары. Ал ең үлкен қауіп Ақмола мен Абай облыстарында", - деді Бозымбаев үкіметтегі брифингте.
Айта кетері, бұған дейін вице-премьер су тасқынының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды 1 наурызға дейін аяқтауды тапсырған болатын.