"Біз бұны бірнеше жыл бұрын Ләззат Әубәкірова деген әйелден сатып алдық. Кәдімгідей нотариусқа барып, келісімшарт жасастық. Мен 10 млн теңгеге алдым, 3,5 млн теңгесін беріп, қалғанын бөліп төлейміз деп келістік. Сөйтіп бірнеше жыл ай сайын төлеп келе жатыр едік, осыдан біраз бұрын мына ғимарат банкке өтіп кеткен деген сыбыс шықты. Біз төлеуді тоқтаттық", - дейді Гүлмира Сәтжанова.
"Тұрғындар тиісті қалған ақшасын берген жоқ. Мен оларға бірнеше рет ескерттім. Бірақ олар тілімді алмады. Міне күні бүгінге дейін ешнәрсе төлемеді. Мен өзімнің педагогикалық еңбекақыммен төлеп келіп, шаршадым. Сосын банкке алсаңыздар ғимаратты ала беріңіздер дедім. Менде барлық құжат сақталған, бәрі заңды", - дейді Ләззат Әубәкірова.
"Банк алдында қарыз алушының 2007 және 2009 жылдары жасалған екі қарыз шарты бойынша міндеттемелері болған. Төлемдер тоқтатылғаннан кейін банк берешекті өтеу туралы талап-хаттар жолдады. Тиісті жауап болмаған соң, банк сотқа жүгінді. 2012 жылы сот берешекті банк пайдасына өндіру туралы шешім шығарды. Бүгінгі таңда төлем 2 723 күн кешіктірілді", - дейді банктің баспасөз қызметі.