"6 жыл бойы талап орындалмады": Қонаевта әкімдік пен кәсіпкер арасында дау шықты

Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі екі қабатты ғимаратқа қатысты дау шықты
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі екі қабатты ғимаратқа қатысты дау шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2026
Жазылу
129 млн теңгеге күрделі жөндеу жасалды деген кәсіпкердің уәжі шындыққа жанаспайды, дейді әкімдікте
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі екі қабатты ғимаратқа қатысты дау шықты. Дауласқандар - қалалық әкімдік пен кәсіпкер. Sputnik Қазақстан тілшісі мәселенің мән-жайын біліп қайтты.

Тігін цехын ашайын деп ем

Кәсіпкер Гүлмира Құлмұрзаева 2019 жылы Шеңгелді ауылынан бос тұрған екі қабатты ғимаратты алған. Әкімдік пен кәсіпкер арасында сенімгерлікпен басқару, кейіннен сатып алу туралы келісімшарт жасалған.
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі екі қабатты ғимаратқа қатысты дау шықты
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі екі қабатты ғимаратқа қатысты дау шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2026
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі екі қабатты ғимаратқа қатысты дау шықты

"Ол ғимарат тозып тұрған, 17 жыл бос тұрған. Мен ол жерде тігін цехын ашайын дегенмін. Серіктесім екеуміз ақша салып, күрделі жөндеу жұмысын жасадық. Келісімшарт бойынша барлық талапты орындадым", - дейді кәсіпкер Гүлмира Құлмұрзаева.

Кәсіпкер ісін неге дамытпады

Алайда кәсіпкер күні бүгінге дейін ісін дамыта алмаған.
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі екі қабатты ғимаратқа қатысты дау шықты - Sputnik Қазақстан
1/5
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі екі қабатты ғимаратқа қатысты дау шықты - Sputnik Қазақстан
2/5
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі екі қабатты ғимаратқа қатысты дау шықты - Sputnik Қазақстан
3/5
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі екі қабатты ғимаратқа қатысты дау шықты - Sputnik Қазақстан
4/5
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі екі қабатты ғимаратқа қатысты дау шықты - Sputnik Қазақстан
5/5
1/5
2/5
3/5
4/5
5/5
"Мен бұл ғимаратты алғанда карантин басталып кетті. Сосын құжатты рәсімдеу ұзаққа созылды", - дейді кәсіпкер.
Кәсіпкердің пайымынша, ғимаратты әкімдік басқа кәсіпкерге бермек.
"Маған бір адамдар келіп, ғимаратты медициналық қызмет үшін жалға алсақ бола ма деді. Бірақ менің жалға беруге құқым жоқ. Күзетші кісі әкіммен бір топ адам келіп ғимаратты тексерді дейді. Сосын мен сотқа сатып алу-сату туралы келісім шартқа қол қою туралы талап арыз бердім. Бірақ әкімдік ғимаратты мемлекет меншігіне қайтару туралы өзіме қарсы талап арыз берді", - дейді кәсіпкер.
Ақшам да, денсаулығым да бітті
Гүлмира Құлмұрзаева соттан жеңілді. Жасаған күрделі жөндеу құнын қайтару үшін сотқа қайта жүгінеді.
"Мен 129 млн теңге күрделі жөндеуге жұмсадым. Барлық құжатым қолымда. Ол ғимараттың басқа да нысаны бар. Мен жүн жуатын цех ашсам ба дегенмін. Осы ғимаратқа бола ақшамнан, денсаулығымнан айырылдым", - дейді Гүлмира Құлмұрзаева.

Кәсіпкер талапты орындады ма

Sputnik Қазақстан тілшісі Қонаев қалалық әкімдігінен мәселенің мән-жайын анықтады. Әкімдіктің уәжі мүлдем басқа. Кәсіпкер күрделі жөндеу жұмысы бойынша қойылған талапты орындамаған.
"Шарт бойынша кәсіпкер бұл ғимаратты толық қалпына келтіріп, сосын тігін цехын ашу керек болған. 6 жыл ішінде ешбір жұмыс жасалмаған. Тек пластик терезелер қойып, керегелерді ағартып шыққан. 2024 жылы кәсіпкермен шарт бұзылды. Ол кісі сотқа беріп, сот шешімімен жеңілді. Қазір сот орындаушыларға іс тапсырылды", - дейді Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Марат Тұрсын.
Ғимараттағы ескі тігін машиналарын әкетпеді, сол себепті ғимарат іске аспай тұр дейді әкімдік.
"Ол кісі ғимаратты босатпай, соттан сотқа шағымданып жатыр. Облыстық сот, Жоғарғы сотта да қаралып жатыр. Бұл ғимарат талап бойынша ауылдың игілігіне қызмет ету керек. 2024 жылға дейін күттік, сосын сотқа талап арыз бердік. Қазір бұл ғимаратты Шеңгелді ауылдық округі әкімдігінің балансына беріп, шаштараз, үйірмелер сияқты ашуымыз керек", - дейді Марат Тұрсын.
Біздің мақсат ауылдағы жұртшылықтың қамы деген әкімдік кәсіпкермен әлі де дауласып жатыр.
"Барлық ауылда "Іскерлік үйі", мәдениет үйлерін ашу керек. Ал мына ғимарат ешбір пайдасыз тұр. Кәсіпкер жөндеген ғимаратты қоқыстан тазалап әлекпіз дейді әкімдік. Қысқасы, ғимаратта не су, не жылу, не электр жарығы жоқ. Ал 129 млн теңгеге күрделі жөндеу жасалды деген кәсіпкердің уәжі шындыққа жанаспайды", - дейді әкімдікте.

Сарыбұлақта жағдай көш ілгері

Дәл осы округтегі Сарыбұлақ ауылындағы жағдай көш ілгері. Бұл ауылда ақпан айында "тұрмыстық дүкен" ашылған. Ауыл тұрғындары риза.
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі екі қабатты ғимаратқа қатысты дау шықты - Sputnik Қазақстан
1/4
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі екі қабатты ғимаратқа қатысты дау шықты - Sputnik Қазақстан
2/4
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі екі қабатты ғимаратқа қатысты дау шықты - Sputnik Қазақстан
3/4
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі екі қабатты ғимаратқа қатысты дау шықты - Sputnik Қазақстан
4/4
1/4
2/4
3/4
4/4
"Бұл ғимарат кеңес үкіметінен бері тұрған, ішіне мал кіріп кеткен. Мердігер компания жасап берді. Ағылшын тілі, үстел теннисі, спорт, ағылшын тілі үйірмелері бар. Небәрі жарты жылда жасалып бітті", - дейді ауылдық әкімдікте.
Шеңгелдідегі ғимаратты осылай ету арманымыз деген әкімдік кәсіпкердің дауынан арыла алмадық дейді.
Жаңалықтар
0