Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еурокомиссия Украинаға кредит беру мәселесін саммитке дейін келісуді жоспарлап отыр

Sputnik
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Брюссельдегі брифингте Еуропа комиссиясының өкілі Паула Пиньо Ресейге қарсы санкциялардың 20-шы пакеті әлі бұғатталып тұрғанын, оған қатысты жаңалық жоқ екенін хабарлады.
"20-шы пакет (Венгрия бұғаттаған – ескерту) бойынша әзірге жаңалық жоқ. Біз жұмысты жалғастырамыз", — деді ол.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Украинаға 90 миллиард еуро көлемінде кредит беру мәселесі, ЕО саммитіне (19-20 наурыз) дейін келісіліп қалуы мүмкін.
"Кредит бойынша келіссөзді белсенді жүргізіп жатырмыз. Саммитке дейін оны келісіп үлгеруіміз мүмкін", — деді ол.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Киевке арналған кредитке Венгрия қойған ветоны айналып өту өте қиын – Орбан