Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киевке арналған кредитке Венгрия қойған ветоны айналып өту өте қиын – Орбан

© Sputnik / Stringer / Медиабанкке өтуПремьер-министр Венгрии Виктор Орбан
Премьер-министр Венгрии Виктор Орбан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Еуроодақтың Украинаға бөлген 90 миллиард еуро көлеміндегі кредитіне Венгрия қойған ветоны айналып өту тым қиын әрі қымбатқа түсуі мүмкін, деп мәлімдеді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан.
Оның пікірінше, Брюссель үшін Украина басшысын Владимир Зеленскийді ресейлік мұнайдың "Дружба құбыры" арқылы транзитін қайта бастауға көндіру әлдеқайда оңай болмақ.
Еурокомиссияның экономика жөніндегі комиссары Валдис Домбровскис Еуроодақ Венгрияның ветосына қарамастан Украинаға қалай болғанда да 90 миллиард еуро беретінін мәлімдеді. Бұған дейін Украина "Дружба" мұнай құбыры арқылы мұнай транзитін тоқтатқаннан кейін Венгрия ЕО-ның Киевке 90 миллиард еуро кредит беру жөніндегі шешіміне вето қойған болатын.
"Мен олардың ветоны айналып өтуге тырысатынын білемін. Солай жасауы мүмкін, бірақ өте қиын әрі қымбат, сондықтан олар үшін Владимир Зеленскийді Венгрияға қарсы мұнай блокадасын тоқтатып, "Дружба" мұнай құбырының жұмысын қайта жандандыруға көндіру әлдеқайда оңай болады, сонда бәріне жақсы болады", – деді Орбан Hír TV телеарнасына берген сұхбатында.
Жаңалықтар
0