Референдум: дауыс беретін азаматтардың нақты саны жарияланды

Сағат 7:00-дегі жағдай бойынша барлығы 10 388 учаске өз жұмысына кірісті
Sputnik
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Орталық референдум комиссиясы Қазақстанда басталған республикалық референдум бойынша алғашқы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сағат 7.00-ге дауыс беру учаскелерінің ашылуы туралы ақпарат
Жергілікті жердегі учаскелік комиссиялары жіберген мәліметке сәйкес, сағат 7:00-дегі жағдай бойынша барлығы 10 388 учаске өз жұмысына кірісті.
Ал 92 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6:00-де басталды.

"Азаматтардың тізімдеріне 12 461 796 адам енгізілген. Олардың 17 514-і дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін алды",-деді комиссия мүшесі Мұхтар Ерман.

Оның айтуынша, 54 шет елде 71 дауыс беру учаскесі ашылған болатын.
Жапониядағы қазақстандықтар алғашқылардың бірі болып референдумда таңдау жасады