АҚШ пен Канадада дауыс беру учаскелері ашылды

Sputnik
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Орталық референдум комиссиясы АҚШ пен Канадада дауыс беру учаскелерінің ашылғанын хабарлады.
"Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылғанын хабарлаймыз", - деді комиссия мүшесі Әсел Жанәбілова арнайы брифингте.
Айта кетері, уақыт айырмашылығына байланысты ең кеш ашылатын учаске АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында орналасқан. Ол Астана уақытымен бүгін сағат 19:00-де ашылады және 16 наурызда сағат 08:00-де жабылады.
Референдумда 8 млн адам дауыс беріп үлгерді