Референдумда 8 млн адам дауыс беріп үлгерді

© Sputnik / Санат ИмангалиевРеферендум в Казахстане 15 марта 2026 года
Референдум в Казахстане 15 марта 2026 года  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2026
Жазылу
Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 64,43 процентін құрайды
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Орталық референдум комиссиясы осы уақытқа дейін дауыс берген азаматардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша 8 029 286 адам дауыс берді.

"Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 64,43 процентін құрайды", - деді комиссия мүшесі Әсел Жанәбілова арнайы брифингте.

Үздік төрттікке Ақтөбе (77, 65 процент) Қызылорда (82,02 процент), Абай (69,29) және Қарағанды (72,63 процент) облыстары кіреді. Алматылықтардың белсенділігі төмен. Қалада дауыс бере алатын тұрғындардың 28,16 проценті ғана өз таңдауын жасады. Ал бұл көрсеткіш Астанада – 47,76%, Шымкентте – 72,61%.
Айта кетері, дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың нақты саны 12 461 796 адамды құрайды.
Астанадағы сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2026
Қазақстандықтардың 51,9%-і дауыс берді - референдум өтті деп танылды
Жаңалықтар
0