Алматыда автобус жол апатына себеп болды: 5 көлік зардап шекті

Foton автобусының жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытқа келе жатып, ара қашықтықты сақтамаған
Sputnik
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Алматыда автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Салдарынан 5 жеңіл көлік зардап шекті.
"Foton автобусының жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытқа келе жатып, ара қашықтықты сақтамай, Әуезов көшесінің қиылысында жеңіл көлікке соқтығысты. Оқиға салдарынан 5 жеңіл көлік зардап шекті", - дейді полицияда.
Оқиға салдарынан бір адам медициналық көмекке жүгінді.
Таразда жолаушы автобус жүргізушісін пышақтап тастады