Алматы облысында салонда тұрған көлік ұрланды

Ұрланған көлік Түркістан облысында табылды
Sputnik
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Алматы облысында жас жігіттер салонда тұрған көлікті қолды еткен.
Оқиға Талғар ауданында болды.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер алдын ала сөз байласу арқылы Бесағаш ауылында орналасқан автосалонынан көлікті ұрлаған.
Осылайша меншік иесіне аса ірі көлемде материалдық шығын келтірген.
"Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды", - деді тәртіп сақшылары.
Тергеу барысында ұрланған көлік Түркістан облысында табылды.
Алматыдағы автобуста жолаушының ақшасы мен алтын бұйымдарын ұрлап кетті