Алматыдағы автобуста жолаушының ақшасы мен алтын бұйымдарын ұрлап кетті

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы автобус
Алматыдағы автобус - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2026
Жазылу
Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 4,1 миллион теңгеден асты
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте ұрлық жасады деген күдікпен әйел адамды ұстады, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Тергеу барысында күдіктінің таңертеңгі уақытта автобус ішінде жолаушының сөмкесінен жасырын түрде ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты, сондай-ақ алтын бұйымдарды ұрлағаны анықталды. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 4,1 миллион теңгеден асты.

"Жедел тергеу іс-шаралары барысында күдіктінің қылмысқа қатысы бары толық дәлелденді. Тінту кезінде ұрлық фактісін растайтын заттай дәлелдемелер, оның ішінде ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді", - дейді министрлікте.

Сонымен қатар күдіктінің кінәсі қоғамдық көлік салонында орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларымен де дәлелденген.
"Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр", – деді Алматы полициясында.
Калашников қаруы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2025
Мектептегі сейфті бұзып, қару ұрлаған ер адам сотталды
Жаңалықтар
0