АСТАНА, 12 наурыз - Sputnik. Еуроодақ Владимир Зеленский мен Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан арасындағы "жеке келіспеушілік" Украинаға 90 миллиард еуро көлеміндегі несиені шешуге кедергі болады деп қорқады, деп хабарлайды Politico еуропалық дипломатқа сілтеме жасап.
Бұл туралы РИА новости жазды.
Зеленский бұған дейін Венгрия премьер-министрін Украина қарулы күштерімен кездестіреміз деп қорқытқан болатын. Бұған Венгрияның Украинаға ЕО-ның кезекті несиесін бермеуі себеп болған.
Словакияның премьер-министрі Роберт Фико Зеленскийдің Орбанға қарсы қоқан-лоқыларымен "қызыл сызықты" кесіп өткенін мәлімдеп, Еуроодақты бұл мәлімдемелерден аулақ болуға шақырды.
"Дипломаттар Еуропалық кеңестің келесі бейсенбіде Брюссельде өтетін отырысқа дейін келісімге келу үшін бар күш-жігерін салып жатыр. Алайда дипломаттардың бірі бұл мәселе Венгрияда келесі айда өтетін маңызды парламенттік сайлауға дейін шешілмейтін жеке келіспеушілікке айналуы мүмкін, деп қорқады", - деп жазды басылым.