АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Астана әкімдігі қалалық мәслихаттың қаулысын "Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталында жариялады.
Құжатқа сәйкес, LRT-да жол жүру құны қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлеммен 200 теңге болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта қала тұрғындары үшін автобустарда енгізілген жеңілдіктер сақталады. Оларға зейнеткерлер, мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен ардагерлері және басқа да азаматтар кіреді.
"Астанада тіркелген және тұрақты тұратын азаматтар қалалық қоғамдық көлік бағыттарында жол жүру ақысын төлеуден босатылады. Түпнұсқадағы электрондық жеке карта жол ақысынан босатуға негіз болып табылады", - деп хабарлады әкімдікте.
LRT арқылы жүк тасымалдауға қатысты әкімдік пен мәслихат "Қазақстанның көлік туралы" Заңына сүйенді.
"Заңның 10-бабында тасымалдаушылар мен көлік компанияларының жұмысын қамтамасыз ету үшін жүктерді, жолаушыларды, багажды тасымалдауға және тасымалдауға байланысты қызметтерге, соның ішінде аралас тасымалдауға еркін (келісімді) тарифтер белгіленетіні көрсетілген", - делінген қаулыда.
Қаулы 27 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.