Астанада LRT көктемде іске қосылады - әкім

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанадағы LRT
Астанадағы LRT  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2026
Жазылу
LRT құрамдары пилотсыз режимде қатынайды
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында ЛРТ-ның қашан іске қосылатыны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігіні ресми сайты.
Қала басшысы премьер-министрдің орынбасары Роман Склярмен бірге LRT депосының ғимаратына барып, жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру аясында құрылып жатқан Бірыңғай диспетчерлік орталықтың жұмыс дайындығымен танысты.
© Photo : Аккаунт акима Астаны Жениса Касымбека в соцсетиБірыңғай диспетчерлік орталық
Вице-премьер Казахстана Роман Скляр и аким Астаны Женис Касымбек проверили ход работ на LRT - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2026
Бірыңғай диспетчерлік орталық
Орталық функционалына LRT құрамдарының қозғалысын басқару, интеллектуалды көлік жүйесінің бағдаршам нысандарын үйлестіру, қоғамдық көлікті диспетчерлік сүйемелдеу, велосипедті жалға беру жүйесін диспетчерлеу, сондай-ақ көлік деректерін өңдеу және сараптамалық талдау кіреді.
Вице-премьер Казахстана Роман Скляр и аким Астаны Женис Касымбек проверили ход работ на LRT - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2026
ЛРТ станциялары
"LRT құрамдары пилотсыз режимде қатынайды. Сынақтық пайдалануды аяқтау және жолаушылар қозғалысын бастау күні барлық іс-шара кешені толық орындалып, жүйенің белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігі расталғаннан кейін анықталатын болады. LRT жұмысының басталуы жақын айларда (көктемде) күтіледі", – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Сонымен қатар әкім "Әуежай", "Бәйтерек", "Министрліктер үйі", "Музей" станцияларында сынақтық пайдалану бекітілген сынақ бағдарламасына сәйкес бүкіл желі бойынша жүріп жатқанын жеткізді. Сынақтар инфрақұрылым мен қауіпсіздік жүйелерін тексеруді, сондай-ақ персоналды даярлауды және апаттық рәсімдерді пысықтауды қамтиды.
Айта кету керек, құрамдар Орталық Азияның климатына бейімделген, төмен температура мен мұздануға төзімді.
Қытайлық компаниялар Астанадағы LRT-ның барлық процесіне қатысады - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2026
Қытайлық компаниялар Астанадағы LRT-ның барлық процесіне қатысады
Жаңалықтар
0