Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 100 доллардан асты

Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалы тоқтап қалды
Sputnik

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 100 доллардан асты, деп хабарлайды РИА Новости сауда деректеріне сілтеме жасап.
Бейсенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша мамыр айындағы жеткізіліміне арналған фьючерстердің бағасы 9,42%-ға өсіп, 100,64 долларға жетті.
Израиль мен АҚШ-тың Иранмен арасындағы қақтығысы Парсы шығанағынан жаһандық нарықтарға энергия жеткізудің негізгі жолы болып табылатын Ормуз бұғазы арқылы тасымалдауды іс жүзінде тоқтатты.
Дүйсенбіде Brent маркалы мұнай бағасы 2022 жылдың маусымынан бері алғаш рет барреліне 119 доллардан асып, 29-31%-ға көтерілді.
Сол күні кешке қарай баға түсе бастады. Сәрсенбі күні кешке баға барреліне 90,86 долларды құраған болатын.
Иранға жасалған шабуылдардан кейін Brent маркалы мұнай бағасы қымбаттады