Екі жарым айда 4 мыңнан астам бала қызылшамен ауырды

Sputnik
АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі иммундау шараларын күшейтуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ведомство.
Қызылшамен ауырғандар саны көбейіп жатыр.
"Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, эпидемиологиялық мониторинг ауруды жұқтырғандар санының өскенін көрсетіп отыр. Бұл, негізінен, балаларға вакцина салынбауымен байланысты. 2026 жылдың басынан бері елде қызылшаның 4 184 жағдайы тіркелді. Ауру жұқтырғандардың 83,8%-ы 14 жасқа дейінгі балалар", - дейді денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен аптада сырқаттану көрсеткіші алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 1,3 есеге артты.
Жұқтырғандардың 77%-ы – екпе алмаған адамдар. Вакцинация егілмеуінің негізгі себебі – 55% жағдайда ата-аналардың бас тартуы.
Министрлік қызылша ауруы тіркелмеген қаланы атады