Министрлік қызылша ауруы тіркелмеген қаланы атады

© Photo : Рixabay / subarasikiaiТермометр
Термометр - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2026
Жазылу
Балалардың 58 проценті ата-аналарының бас тартуы салдарынан вакцинацияланбаған
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі қызылша ауруы тіркелмеген қаланы атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Былтыр қараша айынан бері елімізде қызылшаны жұқтыру көрсеткіші өсіп келеді.
"Жұқтыру жағдайлары Шымкент қаласын қоспағанда, еліміздің 19 өңірінде тіркелген. Сырқаттанушылардың негізгі үлесі – 80 проценті – вакцина алмаған. Ал балалардың 58 проценті ата-аналарының бас тартуы салдарынан вакцинацияланбаған", - дейді министрлік мамандары.
Осы орайда дәрігерлер вакцинациялау қызылша профилактикасының жалғыз жолы болып отырғанын айтты. Сондықтан ұлттық күнтізбеге сәйкес балаларға профилактикалық егулер жасау қажет.
Қажет болған жағдайда тіркелген жері бойынша медициналық ұйымдарда вакцина алуға болады.
В Алматы выпал первый снег - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2026
Қызылша ауруы өршіді: министрлік ата-аналарға үндеу жасады
Жаңалықтар
0