Екі облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Жолды 11 наурыз сағат 10:00-де ашу жоспарланған
Sputnik
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Қостанай мен Ұлытау облыстарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
10 наурыз сағат 18:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі.
Қостанай облысы:
"Жезқазған — Арқалық — Петропавл" автожолының 252-339 шақырымы, Ұлытау облысының шекарасы мен Арқалық қаласының аралығы
Ұлытау облысы:
"Жезқазған — Арқалық — Петропавл" автожолы 138-252 шақырымы, Ұлытау қаласы — Костанай облысы шекарасы арасында шектеу қойылды.
Жолды 11 наурыз сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
Ақылы жол үшін төлем мерзімі бір айға дейін ұзартылады