Үш рет егіз босанған: Ақтөбеде көпбалалы анаға құрмет көрсетілді

Sputnik
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Ақтөбе іргесіндегі Бекқұл баба ауылында көп балалы ана үш рет егізден босанған.

"Күміс алқа" иегері бірінші рет 2013 жылы егіз ұлды өмірге әкеледі. Араға үш жыл салып, 2016 жылы бір ұл мен бір қыз туады.
Ақтөбеде көпбалалы анаға құрмет көрсетілді
Ал 2022 жылы, яғни алты жылдан кейін бұл отбасында тағы да егіздер (ұл мен қыз) өмірге келеді.

"Егізден туылған балалардың анасын Халықаралық әйелдер күні мерекесінде қала әкімі Азамат Бекет арнайылап құттықтап барды. Жас отбасына тілегін арнап, сый-сияпат жасады", - деп жазды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Балалардың бәрі де спортпен шұғылданады. Үлкен егіздер еркін күрестен қалалық жарыстарда жеңімпаз атанып жүр.
Ақтөбеде көпбалалы анаға құрмет көрсетілді
Балалардың әкесі "Ассана дорстрой" ұйымында көлік жүргізуші болып жұмыс істейді. Ал аналары спорт факультетін бітірген, мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ береді.

"Осындай талапты, талантты балаларды дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырғандарыңызға алғысым шексіз. Ең бастысы балалар жақсы адам болып өссін", - деді Азамат Бекет.
"Әуелі егіз деген": Шымкентте үшем туған әйел бір-ақ күнде көп балалы анаға айналды