https://sputnik.kz/20250807/ushem-bolsa-dep-oylamappyn-shymkenttik-ana-eki-ul-bir-qyz-duniege-akeldi-56220882.html
"Әуелі егіз деген": Шымкентте үшем туған әйел бір-ақ күнде көп балалы анаға айналды
"Әуелі егіз деген": Шымкентте үшем туған әйел бір-ақ күнде көп балалы анаға айналды
Sputnik Қазақстан
Нәрестелер ЭКО арқылы емес, табиғи жолмен дүниеге келді 07.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-07T12:54+0500
2025-08-07T12:54+0500
2025-08-07T16:25+0500
шымкент
үшем
https://sputnik.kz/img/07e9/08/07/56220402_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_763bbca204f0cfa5663d67d1e6f843e0.jpg
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Шымкентте үшем дүниеге келді. Sputnik Қазақстан тілшісі анасы мен нәрестелердің жағдайын білді. 39 жастағы Фатима Якубованың 6 жастағы қызы бар. Енді ол төрт баланың анасы атанып отыр. Нәресетелер ЭКО арқылы емес, табиғи жолмен дүниеге келді. Екеуі - ұл, бірі - қыз. Үшемнің біреуі жатырда жатқанда әлсіз болғандықтан дәрігерлер ертерек босандырған."Сәбилерім салмақ қосты, әлсіз болып дүниеге келген балам да салмақ қосты. Омырау сүтімен бірге қосымша тамақ беріп жатырмын. Денсаулығымыз жақсы, дәрігерлерге алғысым шексіз", - дейді Фатима.Нәрестелер өмірге 11 маусымда келіп, кеше үйлеріне аман-есен шыққан. Әйелді босандырған - перзентхана бас дәрігерінің орынбасары Перизат Әмірова. Дәрігер 20 жылдық тәжирбесінде төртінші рет үшем босандырған.Нәрестелердің есімін ата-әжесі Расул, Мерием, Гамзат деп атаған. Қазіргі таңда сәбилердің салмағы 2050 г, 2950 г және 3400 г.Ал төрт рет үшемді аман-есен босандырған дәрігер Перизат Әмірованың айтуынша, барлық үшемнің денсаулығы жақсы, аман-есен өсіп келеді.
https://sputnik.kz/20250419/qostanayda-salmagy-7-kelige-zhuyq-sabi-duniege-keldi-52659400.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/07/56220402_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_c4b36dbb8d90a1cd7d475131799509a9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
шымкент, үшем
"Әуелі егіз деген": Шымкентте үшем туған әйел бір-ақ күнде көп балалы анаға айналды
12:54 07.08.2025 (жаңартылды: 16:25 07.08.2025) Нәрестелер ЭКО арқылы емес, табиғи жолмен дүниеге келді
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Шымкентте үшем дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан тілшісі анасы мен нәрестелердің жағдайын білді.
39 жастағы Фатима Якубованың 6 жастағы қызы бар. Енді ол төрт баланың анасы атанып отыр.
"Бірінші тексеруде маған егіз деді, екіншісінде үшем деп айтты. Әрине үшемді өмірімде еш жоспарлаған да, ойлаған да емеспін. Күйеуім сондай мәз болды, ол кісі көпбалалы әке болсам деп армандайтын", - дейді үшемнің анасы Фатима Якубова.
Нәресетелер ЭКО арқылы емес, табиғи жолмен дүниеге келді. Екеуі - ұл, бірі - қыз. Үшемнің біреуі жатырда жатқанда әлсіз болғандықтан дәрігерлер ертерек босандырған.
"Сәбилерім салмақ қосты, әлсіз болып дүниеге келген балам да салмақ қосты. Омырау сүтімен бірге қосымша тамақ беріп жатырмын. Денсаулығымыз жақсы, дәрігерлерге алғысым шексіз", - дейді Фатима.
Нәрестелер өмірге 11 маусымда келіп, кеше үйлеріне аман-есен шыққан. Әйелді босандырған - перзентхана бас дәрігерінің орынбасары Перизат Әмірова. Дәрігер 20 жылдық тәжирбесінде төртінші рет үшем босандырған.
"Нәрестелер жүктіліктің 31-ші аптасында өмір есігін ашты. Сәбилердің туған кездегі салмағы 975 грамм, 1765 грамм және 1920 грамм. Нәрестелер араға бірнеше минут салып дүниеге келді. 56 күн бойы жаңа туған нәрестелер мен 39 жастағы ананың денсаулығы қалалық перзентхана дәрігерлерінің жіті бақылауында болып, олар тұрақты ем қабылдады”, - дейді Перизат Әмірова.
Нәрестелердің есімін ата-әжесі Расул, Мерием, Гамзат деп атаған. Қазіргі таңда сәбилердің салмағы 2050 г, 2950 г және 3400 г.
Ал төрт рет үшемді аман-есен босандырған дәрігер Перизат Әмірованың айтуынша, барлық үшемнің денсаулығы жақсы, аман-есен өсіп келеді.