Қазақстандық бүркітші Моңғолияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Чемпионат алғаш рет тарихта 2022 жылы Абай облысының Үржар ауданында өтті
Sputnik
АСТАНА, 9 наурыз-Sputnik. Қазақстандық бүркітші Ерзат Байқадамов Моңғолия астанасында өткен аң аулау өнері бойынша әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алды.
Қазақстандық бүркітші Моңғолияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Чемпионат тарихта екінші рет өткізіліп отыр. Оның Отаны 2022 жылы алғашқы жарыстар өткен Абай облысының Үржар ауданы болды.
Ұлан-Батырда өткен дода 10 елден 30-дан астам бүркітшінің басын қосты. Бас жүлдені дәл осы ауданның тумасы жеңіп алды.
Қазақстандық бүркітші Моңғолияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Халықаралық аренада Қазақстан намысын үш спортшы қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орын-Серік Жеңісбек (Моңғолия);
2 орын-Ерзат Байқадамов (Қазақстан);
3 орын – Буркитхан Хайзым (Моңғолия).
Шығыс Қазақстанда үздік бүркітші анықталды