Шығыс Қазақстанда үздік бүркітші анықталды

© Photo : Акимат Восточно-Казахстанской области "Шығыс Салбурыны-2025" фестивалі
Шығыс Салбурыны-2025 фестивалі - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2025
Жазылу
Ұлан ауданындағы фестиваль "Бүркіт төбе" алаңында 3 күнге созылды
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында халықаралық "Шығыс Салбурыны-2025" фестивалі мәресіне жетті.
Ұлан ауданындағы фестиваль "Бүркіт төбе" алаңында 3 күнге созылды.
Оған Қытай, Ресей, Испания, Мажарстан, Моңғолия, Қырғызстан және еліміздің әр өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты. Ал жалпы жиналған жұрттың саны 10 мыңға жетті.
© Photo : Акимат Восточно-Казахстанской области "Шығыс Салбурыны-2025" фестивалі
Международный фестиваль беркутчи Шыгыс Салбурыны-2025 в Восточно-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2025
"Шығыс Салбурыны-2025" фестивалі
Сондай-ақ "Бүркіт төбе" алаңында 40 киіз үйден құралған этноауыл тігілді.
Фестиваль қорытындысына сәйкес ителгі сайысы бойынша Ақмола облысынан Ерлан Кенжетаев, қаршыға және бүркіт сайыстарында Алматы облысынан Өмірхан Баетбай жеңімпаз атанды.
© Photo : Акимат Восточно-Казахстанской области "Шығыс Салбурыны-2025" фестивалі
Международный фестиваль беркутчи Шыгыс Салбурыны-2025 в Восточно-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2025
"Шығыс Салбурыны-2025" фестивалі
Екінші орынды Жамбыл облысынан келген Берікболсын Бабажанға бұйырды. Үшінші орынды Жетісу облысынан келген Сәлімхан Ерғазыұлына мен Моңғолиядан келген Кенжебек Байдолдәулі бөлісті.
Әр жүлдегерге ақшалай сыйлық табысталды.
"Шығыс Салбурыны" Халықаралық фестивалі биыл бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр.
Сұңқар күні форумы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2025
Шығыс экономикалық форумында жыртқыш құстарды қорғау мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
0