Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украина бойынша келіссөз жалғасып жатқанын айтты

Sputnik
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөз жалғасып жатқанын мәлімдеді.
"Иран басты назарда болғанына қарамастан, Украинадағы соғысқа қатысты келіссөз жалғасып жатыр", — деді Трамп Politico басылымына берген сұхбатында. Алайда ол бұл тақырыпқа тереңірек тоқталған жоқ.
28 ақпанда Америка Құрама Штаттары мен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеран қаласына соққы жасай бастады. Шабуыл салдарынан ғимараттар қирап, бейбіт тұрғындар қаза тапқаны туралы хабарланды.
Иран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери нысандарына соққы жасап жатыр.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский үшжақты келіссөз қашан өтуі мүмкін екенін айтты