https://sputnik.kz/20260225/zelenskiy-ushzhaqty-kelissoz-qashan-otui-mumkin-ekenin-aytty-61426737.html
Зеленский үшжақты келіссөз қашан өтуі мүмкін екенін айтты
Зеленский үшжақты келіссөз қашан өтуі мүмкін екенін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский елдегі қақтығысқа байланысты Украина, Ресей және АҚШ арасындағы кездесу осы аптада немесе он күн... 25.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-25T08:56+0500
2026-02-25T08:56+0500
2026-02-25T08:56+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/14/41055759_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_916c7a771d113e7e0e8b3b406024229d.jpg
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский елдегі қақтығысқа байланысты Украина, Ресей және АҚШ арасындағы кездесу осы аптада немесе он күн ішінде өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф 22 ақпанда үш апта ішінде келіссөз өтуі мүмкін екенін хабарлаған. Оның айтуынша, бұл Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ басшысы Дональд Трамп және Украина президенті Владимир Зеленскийдің үшжақты кездесуіне жол ашуы ықтимал.Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздің кезекті раунды 17–18 ақпанда Женева қаласында өтті. Ресей делегациясының басшысы, РФ президентінің көмекшісі Владимир Мединский оның қорытындысы бойынша жуырда жаңа кездесу өтетінін мәлімдеді.Ал Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров келіссөз барысында белгілі бір ілгерілеу болғанын атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/14/41055759_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_d25290dca8969971fd9a8a71b6485b49.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Зеленский үшжақты келіссөз қашан өтуі мүмкін екенін айтты
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский елдегі қақтығысқа байланысты Украина, Ресей және АҚШ арасындағы кездесу осы аптада немесе он күн ішінде өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.
"Бізде үшжақты формат болады. Осы аптада, болмаса он күннің ішінде өтеді деп ойлаймын", – деді Зеленский. Оның сөзін ТСН телеарнасы келтірді.
АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф 22 ақпанда үш апта ішінде келіссөз өтуі мүмкін екенін хабарлаған. Оның айтуынша, бұл Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ басшысы Дональд Трамп және Украина президенті Владимир Зеленскийдің үшжақты кездесуіне жол ашуы ықтимал.
Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздің кезекті раунды 17–18 ақпанда Женева қаласында өтті. Ресей делегациясының басшысы, РФ президентінің көмекшісі Владимир Мединский оның қорытындысы бойынша жуырда жаңа кездесу өтетінін мәлімдеді.
Ал Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров келіссөз барысында белгілі бір ілгерілеу болғанын атап өтті.