СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы 14 елге барудан бас тартуды ұсынды

Қазақстанның шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болу ұсынылды
Sputnik
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына кейбір елдерге бармауды ұсынды.
Министрлік бұл Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты болып отырғанын хабарлады.
Атап айтқанда, Қазақстан азаматтарына белсенді әскери іс-қимылдар толық тоқтап, жағдай толық тұрақтанғанға дейін келесі елдерге барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады:
Бахрейн
Мысыр
Израиль
Йемен
Иордания
Ирак
Иран
Қатар
Сауд Арабиясы Корольдігі
Кувейт
Ливан
БАӘ
Оман
Сирия
Сыртқы істер министрлігі өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауға, соның ішінде зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу баспаналарға/паналау орындарына баруға шақырды.
Сонымен қатар Қазақстанның шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болу ұсынылды.
Қазақстан Иран бойынша келіссөздер алаңын ұсынуға дайын - СІМ