АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Семейде балалар орталығында шыққан өрттен 11 адам зардап шекті.
Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, медициналық көмекке жүгінген 11 адамның 4-еуі – бала.
"1 бала ауруханаға жатқызылды, 3-еуі амбулаториялық емге жіберілді. 7 ересектің 4-еуі медициналық мекемеде", - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Семейде балалар ойын-сауық орталығында өрт шыққан еді.