Таразда өрт кезінде адамдарды құтқарғандар марапатталды

Тараздағы өрт кезінде адамдарды құтқарғандар марапатталды
Тараздағы өрт кезінде адамдарды құтқарғандар марапатталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2026
Жазылу
Таразда бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы балконда өрт шыққан
АСТАНА, 4 наурыз – Sputbnik. Тараз тұрғындары өрт кезінде адамдарды құтқарғаны үшін марапатталды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Облыстық департаментте 1 қаңтар күні Тараз қаласында орын алған өрт кезінде батылдық пен жанқиярлық танытқан азаматтарды салтанатты түрде марапатталды.
Еске салайық, Таразда бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы балконда өрт шығып, кейін өрт ғимараттың шатырына таралған.
Азаматтық жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетіп, адамдарды құтқару барысында жеке батылдығы мен шешімді әрекеттері үшін "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен Ерғали Кенжебаев марапатталды.

"Оның өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейінгі батыл әрі сауатты іс-қимылының арқасында жанып жатқан ғимараттағы адамдар эвакуацияланды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, түтінге толы ғимараттан адамдарды эвакуациялауға белсенді қатысып, олардың аман қалуына ықпал еткен Таймырза Сейтхан облыстық департамент басшысының алғыс хатымен марапатталды.
Пожарная машина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2026
Семейде ойын-сауық орталығынан өрт шықты
Жаңалықтар
0