Павлодарда учаскелік полицей ауыл тұрғынын алаяқтардың тұзағынан құтқарды

Sputnik
АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. Павлодар облысы Қоскөл ауылының тұрғынын учаскелік инспектор ауыл тұрғынын алаяқтардың арбауынан құтқарды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қоскөл ауылының тұрғыны Константин Пэдуриге белгісіз адамдар қоңырау шалып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырған.
"Олар тұрғынның атына ипотекалық кредит рәсімделгенін айтқан. Ұзақ уақыт бойы алаяқтар ер адамды бейнебайланыс арқылы ұстап, ешкімге хабарласпауға және нұсқауларды қатаң орындауға көндірген. Сондай-ақ оның телефоны бақылауда екенін айтып, қорқытқан", – дейді полиция.
Константиннің туыстары дереу учаскелік полиция инспекторы Талғат Зайниденовке хабарласқан. Полицей өтінішке жедел ден қойып, алаяқтардың заңсыз әрекетінің жолын кесіп, заңсыз рәсімделген кредитті уақытында бұғаттаған.
Нәтижесінде ауыл тұрғынының атына 6,5 млн теңге көлеміндегі кредитті рәсімдеуге жол берілмеді.
Полиция алаяқтардың тұрғындарды қалай алдайтынын көрсетті