Полиция алаяқтардың тұрғындарды қалай алдайтынын көрсетті

CC0 / / Мобильный телефон в руках водителя, иллюстративное фото
Мобильный телефон в руках водителя, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
Жазылу
Шын полицейлер ешқашан SMS-кодтарды, банк карталарының деректерін немесе өзге де құпия ақпаратты сұрамайды
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Семей тұрғынына алаяқтар бейнеқоңырау шалып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полицияға сілтеме жасап.
Алайда тұрғын сақтық танытып, бірден Семей қалалық полиция басқармасының Затон полиция бөлімшесіне жүгінген.
"Алаяқтар азаматқа оның атына кредит рәсімделгенін айтып, "қылмыстық әрекеттердің алдын алу үшін" SMS арқылы келген кодты айтуын сұраған", - деп жазылған хабарламада.
Затон полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ернар Ахметов жалған полицейлермен жеке сөйлескеннен кейін, олармен байланыс үзіліп қалған.
Аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.
Абай облысы полиция департаменті шын полиция қызметкерлері ешқашан SMS-кодтарды, банк карталарының деректерін немесе өзге де құпия ақпаратты сұрамайтынын ескертті.
"Осындай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, ең жақын полиция бөлімшесіне немесе 102 нөміріне хабарласу қажет", - деп атап өтті ведомство.
Жаңалықтар
0