АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Венгрия қажет болған жағдайда Украинаға электр энергиясын беруді тоқтатады, бірақ қазір емес, деп мәлімдеді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан.
"Словакия мен Венгрия Украинаның электр энергиясы импортының 40 пайызын құрайды. Біз бұл құралды бірден қолданбадық, өйткені шекараның арғы жағында венгрлер бар. Біз оны қажет болса ең соңында ғана пайдаланамыз, қазір емес", - деді Орбан Эстергомдағы шарада сөйлеген сөзінде.
Бұған дейін Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто Киев режимінің Ресейден Венгрия мен Словакияға "Дружба" құбыры арқылы мұнай айдауды қалпына келтірмеуіне байланысты Будапешт Еуропалық Одақтың Ресейге қарсы санкцияларының 20-шы пакетіне тосқауыл қоятынын бұған дейін мәлімдеген болатын. Ол Закарпатьеде тұратын венгрлерге қиындық тудырмас үшін Венгрия Украинаға электр энергиясын жеткізуді әзірге тоқтатпайтынын айтты.