https://sputnik.kz/20260216/orban-ukrainanyn-euroodaqqa-kiruine-zhol-bermeytinin-malimdedi-61210626.html
Орбан Украинаның Еуроодаққа кіруіне жол бермейтінін мәлімдеді
Орбан Украинаның Еуроодаққа кіруіне жол бермейтінін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Венгрия премьер-министрі Киевтің еуроинтеграциясына қарсы шыққан венгр халқының қалауын орындайтынын және Украинаның Еуроодаққа... 16.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-16T15:55+0500
2026-02-16T15:55+0500
2026-02-16T15:55+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/08/58561314_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_4de26631ac876c1079a044b01a11a384.jpg
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Венгрия премьер-министрі Киевтің еуроинтеграциясына қарсы шыққан венгр халқының қалауын орындайтынын және Украинаның Еуроодаққа кіруіне жол бермейтінін айтты.Бұған дейін Украина басшысы Владимир Зеленский Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде Венгрия премьері әскерді емес, өзінің қарнын қамбайтуды ойлайтынын айтып, оны қатты сынға алған болатын.Оның айтуынша, "Зеленский Венгрия үкіметіне қарсы шығып, елдің сайлау науқанына тікелей араласқан".Венгрия премьері 2025 жылы елде Украинаның ЕО-ға қосылуына қатысты өткен жалпыұлттық сауалнама нәтижесін еске салды. Оның қорытындысына сәйкес, екі миллионнан астам адам, яғни сауалнамаға қатысқандардың 95 пайызы Украинаның одаққа мүше болуына қарсы шыққан."Венгрияның премьер-министрі ретіндегі менің міндетім – венгр халқы қабылдаған шешімнің орындалуын қамтамасыз ету. Бұл президент Зеленскийге ұнай ма, жоқ па – бәрібір", - деп атап өтті Орбан.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/08/58561314_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_b724f0d59a54d14c4dc1077c8acf9afa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Венгрия премьер-министрі Киевтің еуроинтеграциясына қарсы шыққан венгр халқының қалауын орындайтынын және Украинаның Еуроодаққа кіруіне жол бермейтінін айтты.
Бұған дейін Украина басшысы Владимир Зеленский Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде Венгрия премьері әскерді емес, өзінің қарнын қамбайтуды ойлайтынын айтып, оны қатты сынға алған болатын.
"Өткен аптада Украина тарапынан жасалған саяси шабуылдар жаңа деңгейге шықты", — деп жазды Орбан әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, "Зеленский Венгрия үкіметіне қарсы шығып, елдің сайлау науқанына тікелей араласқан".
Венгрия премьері 2025 жылы елде Украинаның ЕО-ға қосылуына қатысты өткен жалпыұлттық сауалнама нәтижесін еске салды. Оның қорытындысына сәйкес, екі миллионнан астам адам, яғни сауалнамаға қатысқандардың 95 пайызы Украинаның одаққа мүше болуына қарсы шыққан.
"Венгрияның премьер-министрі ретіндегі менің міндетім – венгр халқы қабылдаған шешімнің орындалуын қамтамасыз ету. Бұл президент Зеленскийге ұнай ма, жоқ па – бәрібір", - деп атап өтті Орбан.